Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бітіруші курс білім алушыларының «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Бүгін университеттің практика және жұмысқа орналастыру бөлімі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы жас мамандарды бөлу жөніндегі нормативтік құжаттардағы өзгерістер болды.
«Қаржы орталығы» АҚ өкілдері Ақзира Серікқалиқызы, Абылай Тыныбеков жас мамандарды бөлудің барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, жұмыс істеуден босататын мерзімдер мен жағдайлар туралы хабарлады.
Кездесу барысында түлектер грантты бөлу және міндетті еңбекпен өтеу процесінде енгізілген өзгерістер туралы өзекті сұрақтар қойды.