Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

ЖНҚ

Жоғары оқу орнында және жоғары оқудан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ЖБШҚ

Жоғары оқу орнында және жоғары оқудан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі «Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығымен регламенттелген.

Оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру:

1) білім беру бағдарламалары бөлінісінде алдағы оқу жылына оқушылар контингенті және (немесе) іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша кредиттердің жоспарланатын саны бойынша жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жоспарлы көлемін айқындайды және оны академиялық кезең басталғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына ұсынады;

2) білім алушылар контингентін және (немесе) білім беру бағдарламалары бөлінісінде нақты берілген кредиттерді тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді;

3) тоқсан сайын, тоқсан басының алдындағы айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына қаңтар мен қыркүйекті қоспағанда, айдың 15-күніндегі жағдай бойынша білім алушылардың нақты контингенті және (немесе) білім беру бағдарламалары бөлінісінде нақты берілген кредиттер саны туралы ақпаратты ұсынады. Қаңтар және қыркүйек айларында ақпарат білім алушылардың жаңа қабылдауын және (немесе) білім беру бағдарламалары бөлінісінде нақты берілген кредиттерді ескере отырып, 30-шы күнгі жағдай бойынша беріледі.

  • 01 Ерекше мэртебесі бар жогары жане жогары оку бринан кейінгі білім беру уйымдарында окытудын кредиттік технологиясын ескере отыры, бакалавриатта жылына 1(бір) білім алушы ушін жан басына шыққандағы нормативті (мемлекеттік білім беру грантынын мөлшері) айкындау жөніндегі әдістемелік усынымдар Жүктеу
  • 02 Ерекше мәртебесі жок жогары жоне жогары оку орнынан кейінгі білім беру уйымдарында окытудын кредиттік технологиясын ескере отырып, бакалавриатта жылына 1(бір) білім алушы ушін жан басына шыққандағы нормативті (мемлекеттік білім беру грантынын мөлшері) айкындау жөніндегі әдістемелік усынымдар Жүктеу
  • 03 2026 жылға арналған жоғары білім беруді қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінің мөлшері Жүктеу