Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Ата-аналарға

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмыспен өтеу қашан басталады?

Құрметті оқу бітіруші, Жас маманды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес жас маман ЖЖООКБҰ-дағы оқуын бітірген жылдың 1 қыркүйегінен кешікпей жұмысты өтеу орнына келуі тиіс*.

Жұмысты өтеу мерзімі

Жұмыспен өтеу мерзімі барлығы 3 (үш), 2 (екі) не мөлшерлес болады. Жұмыспен өтеу мерзімі мына жағдайларда: 1. ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқанда; 2. мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқанда; 3. ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарылғанда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес есептеледі.

Мысалы. z = жалпы жұмыспен өтеу мерзімі 3 жыл (36 ай). x = жалпы оқу мерзімі 4 жыл (48 ай). Ақылы негізде оқу мезімі 2,5 жыл (30 ай) Y = грант бойынша оқу мерзімі 1,5 жыл (18 ай) 18/48*36 = 13,5 ай T=y/x*z.

Грант бойынша 1 жыл оқығаны үшін жұмыспен өтеу мерзімі – 13,5 ай.

Жұмысқа бөлу мәселесімен кім айналысады?

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында құрылған Бөлу жөніндегі комиссия.

Менің қайда жолданғанымды қайдан білуге болады?

Егер жұмыс берушінің сізге берген өтінішхаты (анықтама, кепілдік хат,жұмысқа қабылдау туралы бұйрық) негізінде өз бетіңізше жұмысқа орналассаңыз немесе жұмысқа орналасқыңыз келсе, тиісті Бөлу жөніндегі комиссия сіз таңдаған жұмыс орнына жолдама береді. Егер өз бетіңізше жұмысқа тұра алмасаңыз, Бөлу жөніндегі комиссия жергілікті атқарушы органдарының (әкімдік) кадрлар қажеттігі туралы деректерінің негізінде жұмысқа жолдама береді. Бос жұмыс орны болмаған жағдайда Бөлу жөніндегі комиссия жұмыс іздеуші адам ретінде мансап орталығына жолдама береді.

Маған жұмыс табылмады, бұл жағдайда жұмыспен өтемесем бола ма?

Егер Бөлу жөніндегі комиссия сізді жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеуге тұру үшін мансап орталығына жолдаған болса, онда сіздің жұмыссыз ретінде есепте тұрған уақытыңыз жұмыспен өтеу мерзіміне есептеледі. Жұмысқа орналаспай, жұмыссыздық есебінен шығу жұмысты өтеуден бастартумен бірдей. Мысалы, егер жас маман жалпы мерзімі 6 ай жұмыссыз ретінде есепте тұрған болса (үзіліспен/үзіліссіз), жұмыспен өтеу мерзімінің өтелмей қалған бөлігі 30 ай болады. Сол сияқты, егер сіз жалпы мерзімі 3 жыл жұмыссыз ретінде есепте тұрсаңыз (үзіліспен/үзіліссіз), онда жұмыспен өтеу міндеті толық орындалған болып есептеледі

Жұмысымнан шығып, басқа жұмысқа орналасуыма бола ма?

Егер жұмыс орны сізге тағайындалған гранттың талаптарына сәйкес келетін болса, жұмыс орнын ауыстыруға болады, мұндай жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ-ға тиісті құжаттарды ұсынуыңыз қажет.

Жұмыспен өтеу міндетінен қандай жағдайларда босатылады?

Жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мыналарға: 1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға; 2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға; 4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.

Жұмыспен өтеу міндетінен босатылу үшін не істеу керек?

Жұмыспен өтеу міндетінен босату жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітірген жылы Жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен ғана жүзеге асырылады. Жұмыспен өтеу міндетінен босатылу үшін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Бөлу жөніндегі комиссияға тиісті растау құжаттарын (мүгедектігі бары туралы анықтама/жүктілігі туралы анықтама/балаларының тууы туралы куәлік/магистратураға оқуға қабылданғаны туралы анықтама және т.б.) ұсыну қажет.

Қандай жағдайда жұмыспен өтеуді кейінге қалдыра аламын?

Әскери қызметке шақырылған жағдайда жұмыспен өтеу мерзімінде қызмет өткеру уақытын есептемегенде, қызмет өткеру уақытына кейінге қалдыру беріледі.

Менің жұмысты өтеуімді кім мониторингілейді?

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ны жас мамандардың жұмыспен өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету немесе жұмыс өтелмеген жағдайда бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды қайтару бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде айқындаған.

Грантты жұмыспен өтемеген жағдайда не болады?

Жұмыспен өтеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жас маман оны оқытуға бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды бюджетке өтеуге міндетті. Бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу нақты жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.