Сыбайлас жемқорлық картограммасы
2023 жылы «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қоғам органы болып табылатын ішкі аудит және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі (бұдан әрі-Қызмет) құрылды.
Қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бөлігінде өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Қызмет қызметінің негізгі мақсаты Қоғамның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және сыбайлас жемқорлық сипатындағы белгілері бар жағдайлар анықталған және/немесе оларға тап болған кезде көрсетілген фактілер туралы қызметтің комплаенс-офицеріне байланыс арналары арқылы хабарлау қажет.
email: compliance@fincenter.kz