Бакалавриатты жұмыспен өтеу
Бакалавриат
-
1. Ауыл квотасы
1) Педагогикалық мамандықтар;
2) Медициналық мамандықтар;
3) Ветеринарлық мамандықтар;
4) ауыл шаруашылығы мамандықтары;
-
2. Мемлекеттік тапсырыс
1) Педагогикалық мамандықтар;
2) Медициналық мамандықтар;
-
3. «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (Серпін) бағдарламасы
-
4. Мемлекеттік тапсырыс (басқа мамандықтар)
Басқа мамандықтар 1. Ауыл квотасы
- Ауыл квотасы: Педагогикалық мамандықтар – жас мамандар ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында (мектептер, спорт мектептері, музыкалық мектептер, интернаттар, балабақшалар және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті;
- Ауыл квотасы: Медициналық мамандықтар – Жас мамандар ауылдық жерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында (емханалар, ауруханалар, стоматологиялық емханалар, жекеменшік емханалар, шипажайлар және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті;
- Ауыл квотасы: Ветеринариялық мамандықтар – Жас мамандар ауылдық жерде орналасқан ветеринариялық ұйымдарында үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті;
•Ауыл квотасы: Ауыл шаруашылығы мамандықтар – Жас мамандар ауылдық жерде орналасқан аграрлық бейіндегі ұйымдарда үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
2. Мемлекеттік тапсырыс
- Мемлекеттік тапсырыс: Педагогикалық мамандықтар – Жас мамандар білім беру ұйымдарында (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, колледждер, мектептер, спорт мектептері, музыкалық мектептер, интернаттар, балабақшалар және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті;
- Мемлекеттік тапсырыс: Медициналық мамандықтар – Жас мамандар денсаулық сақтау ұйымдарында (емханалар, ауруханалар, стоматологиялық емханалар, жекеменшік емханалар, шипажайлар және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
3. «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (Серпін) бағдарламасы
Жас мамандар 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 765 ҚР ҮҚ-ға 2-қосымшада айқындалған тізімдегі өңірлерде ғана екі жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
Жұмысты өтеу үшін белгіленген өңірлер: 1. Шығыс Қазақстан облысы, 2. Қостанай облысы, 3. Павлодар облысы, 4. Солтүстік Қазақстан облысы, 5. Қарағанды облысы, 6. Ақмола облысы, 7. Абай облысы, 8. Ұлытау облысы.
4. Мемлекеттік тапсырыс (басқа мамандықтар)
Жас мамандар меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
МББН-дан гранттарға ауыстыру
Президенттің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі №648 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру кредиттері бойынша оқыған студенттер 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру кредиттерінен мемлекеттік білім беру гранттарына ауыстырылған студенттер кредитті қайтарудан босатылмайды.