Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Ваучерлік қаржыландыру

Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру

Ваучер — мектепке дейінгі ұйымдардағы қызметтерді жан басына шаққандағы норматив көлемінде қаржыландыру үшін ата-ананың құқығы. Бүгінгі күні пилоттық жобаға қатысады 20 қала және 7 аудан.

Кезекке қалай тұруға болады?

  1. Ақпараттық жүйеге өтініш беру

  2. Ваучер алу кезегінде күту

  3. Ваучер алған кезде келісім немесе бас тарту туралы шешім қабылдау

Ата-ана ваучермен не істеуі керек?

2 күн ішінде ваучерді пайдалануға келісім беру

ИӘ

Келісім

  • Мектепке дейінгі ұйымды таңдау (5 жұмыс күні + 2 күн ұзартылу)
  • Келісімшарт жасасу
ЖАУАП ЖОҚ

Жауап жоқ

  • Қалпына келтіру құқығымен тоқтату тізіміне түседі
  • 28 күннен кейін өтініш жойылады
ЖОҚ

Бас тарту

  • Өтініш жойылады
  • Кезектегі орын жоғалады

Баласы ваучер бойынша балабақшаға баратын ата-ана не істеуі керек?

  1. Баланың қатысу кестесін ай сайын 1-10 күндері аралығында растау

  2. Келісетін болса - кестені растайды

  3. Келіспесе - растау себебін жазып, растау құжаттарын қосу (бар болса)

Қалаған балабақшада бос орын болмаса не істеу керек?

  1. Басқа балабақшаға уақытша тіркелуге болады

  2. Қалаған балабақшаға күту тізіміне өтініш беру

  3. Орын пайда болған жағдайда, қалаған балабақшаға ауысу мүмкіндігі бар

Балабақшаны қалай ауыстыруға болады?

  1. Балабақшадан шығу

  2. 5 күн ішінде басқа балабақшаға тіркелу (кезекке қайтадан тұрудың қажеті жоқ)

  3. Тіркелмеген жағдайда, 5 күннен кейін ваучер жойылады

Статистика

4 857 Ваучер арқылы қаржыландырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың саны
678 285 Берілген ваучерлердің саны