Магистратураны жұмыспен өтеу
Магистратура
-
Педагогигикалық мамандықтар
Жас мамандар Жас мамандар білім беру ұйымдарында (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, колледждер, мектептер, спорт мектептері, музыкалық мектептер, интернаттар, балабақшалар және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
-
Медициналық мамандықтар
Жас мамандар денсаулық сақтау ұйымдарында (емханалар, ауруханалар, стоматологиялық емханалар, жекеменшік емханалар, шипажайлар және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
-
Басқа мамандықтар
Жас мамандар меншік нысанына қарамастан ұйымдарда үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.