ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ: БИЫЛ ЖАТАҚХАНАЛАРДА 10 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ОРЫН ЕНГІЗІЛУДЕ
Ел дамуының маңызды бағыттарының бірі азаматтарды қолжетімді және сапалы білім берумен, оның ішінде жаңа студенттік жатақханалар салу арқылы қамтамасыз ету болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға дейін жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізуді қамтамасыз ету міндетін қойды.
Қазіргі таңда Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту Министрліктері өңірлермен бірлесіп осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында елімізде жатақханаларда жыл сайын 10 мыңнан астам жаңа орын енгізіледі. Осылайша, 2018 жылдан бастап елімізде жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін 50 966 студентке 211 жатақхана пайдалануға берілді.
- Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар өңірлер мен қалаларда құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүргізілуде, жаңа нысандар пайдалануға берілуе және бүгінде студенттер жаңа жайлы үйлерде тұруда, - деді «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов. - Ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша елімізде 8575 орындық 29 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 1,5 мың жаңа орын пайдалануға беріледі деп күтеміз.
Заманауи студенттер үйі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Павлодар, Атырау, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ашылды.
- Астана және Алматы қалаларында студенттердің көп келуіне байланысты Министрліктер әкімдіктермен бірлесіп студенттік жатақханаларды салу және реконструкциялау мәселелері бойынша инвесторлармен жұмыс істеу үшін бір терезе қағидаты бойынша жобалық кеңселер құрды, - деп атап өтті Асқар Ибраимов. - Күнделікті негізде жатақхана құрылысына өз үлесін қосқысы келетін көптеген инвесторлар жобалық кеңсеге жүгінеді. Тек Астанада келесі жылы алдын ала деректер бойынша кемінде 1500 жаңа орын пайдалануға беру жоспарлануда.
Студенттер саны бойынша жетекші қала Алматы қаласы болып табылады. Өткен жылы қалада жобалық кеңсе ашылған сәттен бастап кәсіпкерлер мен ЖОО-лар 14 жатақхананы пайдалануға берді. Ағымдағы жылы Жол картасына сәйкес 4000 орынға арналған тағы 7 нысанды іске қосуды аяқтау жоспарлануда.