Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Студенттерге

Білім беру кредиттеріне кепілдік беру

Өздеріңіз білетіндей, білім гранттары ҰБТ/КТА нәтижелері бойынша конкурс негізінде беріледі.

Барлық түлектер оларды ала алмайтыны анық.

Бұл студенттердің көпшілігі ақылы негізде оқитынын білдіреді.

Шешім

Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында оқытудың қолжетімділігін кеңейту мақсатында 2005 жылдан бастап талапкерлер мен студенттер негізгі борыш сомасын төлеу бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыра отырып, кепілсіз студенттік кредиттер ала алады.

Кредиттер бойынша кепілді қамтамасыз ету ретінде Қаржы орталығының кепілдігі болып табылады.

Кепілдік міндеттеме – бұл ұйымның келісімде көзделген тәртіппен және шарттарда айқындалған кепілдік мөлшері шегінде қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін банк алдында жауап беру міндеттемесі.

НҚА сілтеме - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32398 болып тіркелді "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы"

НҚА сілтеме - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қазанда № 33581 болып тіркелді "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы"

Білім беру несиелерінің артықшылықтары

  • Жеңілдік кезеңі (кейінге қалдыру)

    Негізгі борыш сомасын өтеу оқу мерзімі өткеннен кейін және оны бітіргеннен кейін 6 ай өткен соң жүргізіледі

  • Несиелеудің жоғары мерзімі

    Айыппұл санкцияларын алмай, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен 10 жылға дейін

  • Қолжетімділік

    Несие Қазақстан бойынша қолжетімді

  • Сомасы бойынша шектеулердің болмауы

    Несие сомасы бойынша шектеулердің болмауы (оқу құнынан артық емес)

  • ЖОО бойынша шектеулердің болмауы

    Оқу орнын таңдау бойынша шектеулердің болмауы

Қатысушы Банк

  • Бүгінгі таңда білім беру кредиттеріне кепілдік беру жүйесіне «Нұрбанк» АҚ қатысады

    Ресми сайт www.nurbank.kz, Call-центр: 2552»

Несиені қалай рәсімдеуге болады?

  • Қарыз алушыға (талапкерге/студентке)арналған құжаттар

    • жеке куәлік
    • соңғы сессиядағы үлгерім (студент үшін), ҰБТ/КТА сертификаты (талапкер үшін)
    • оқу кезеңі үшін құны көрсетілген төлем шоты (ЖОО бухгалтериясынан)
  • Қосалқы қарыз алушыға арналған құжаттар

    • жеке куәлік
    • жұмыс орнынан және соңғы 6 айдағы жалақы туралы анықтама
    • соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама