Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

«Жекеменшік мектептерді қаржыландыру» тақырыбында брифинг өтті

29 Маусым 2026 10

2026 жылғы 29 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жекеменшік мектептерді қаржыландыру» тақырыбында брифинг өтті. 

 

Шараға ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев, «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Шолпан Утельбаева қатысты.

Брифингте жекеменшік мектептерді қаржыландырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа цифрлық тетіктер таныстырылды. Қаржыландыру үдерісі Bilimge, OrtaBilim және e-Qazyna платформалары арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе деректерді автоматты түрде тексеруге, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция негізінде бюджет қаражатының қозғалысын бақылауға және адами фактордың ықпалын азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа цифрлық тетіктерді енгізу нәтижесінде 2025 жылы 785 білім беру нысанына 76 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, бюджет қаражатының 8 млрд теңгесі немесе жоспарланған қаржыландыру көлемінің 9,6%-ы үнемделді. Ал 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында 749 білім беру нысаны бойынша 100,7 млрд теңгеге орындалған жұмыстардың актілері төленіп, 59,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.

 Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мораторий енгізілгені хабарланды. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру қызметіне арналмаған ғимараттарда жұмыс істейтін жекеменшік мектептер мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қаржыландырылмайды.

 Брифинг барысында цифрлық қаржыландыру моделін алдағы кезеңде мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарына кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отырғаны айтылды. Бұл тәсіл бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етуге және білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

← Все новости

Актуальные новости