АҚТӨБЕДЕ ЖАҢА KEMEL BILIM INTERNATIONAL SCHOOL МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ
2025-2026 оқу жылында Ақтөбе қаласында Kemel bilim international school өз есігін ашады. Жаңа оқу ордасы отандық және халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, 30 жылдан аса тәжірибесі бар «Білім-Инновациялық» қоғамдық қорымен серіктестік негізінде жасалған IB халықаралық білім беру жүйесімен оқытатын болады.
Мектептің жобалық қуаты 1-11 сынып оқушылары үшін 600 орынды құрайды. Нысанның жалпы ауданы 22 мың ш.м. Болашақ мектеп оқушыларының қолайлығы үшін инновациялық кабинеттер, зертханалар, олимпиадалық бөлмелер, заманауи кітапхана, 4 атриум, 2 спорт залы және 2 акт залы болады. Оқу үдерісінен басқа оқушылар үшін көптеген үйірмелер мен қосымша секциялар қарастырылған.
Халықаралық мектептің құрылысы 2023 жылы инвестор-компанияның өз қаражаты есебінен басталды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін инвестор мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды ала алады, бұл ғимараттың амортизациясы мен операциялық шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан бұл қолдау мектеп орындарының тапшылығын азайтуда, әсіресе білім беру мекемелеріне қажеттілігі жоғары аймақтарда маңызды рөл атқарады.
#Мектепкешолу #Обзоршколы #Жекеменшікмектеп #Частнаяшкола #Білімжаңалықтары #НовостиОбразования