Білімге бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма?
Елімізде бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына ерекше мән беріліп келеді. Бұл мәселенің білім беру саласындағы өзектілігі орасан. Аталған бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған бастамалар жөнінде ҚР Қаржы министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Шолпан Утельбаевадан сұрап білген едік.
«Бюджеттен бөлінген әр теңге адами капиталды дамытуға бағытталған жағдайда азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі артады. Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы қаржы ресурстарын тиімді басқарудың мәні де осында. Ең алдымен тиімділік ұғымының мәнін айқындау қажет. Ол қаржыландыру көлемімен шектелмей, ақша айналымын тиімді басқаруды, қаражаттың уақтылы игерілуін және нәтижелердің өзара салыстырмалылығын қамтиды. Осыған байланысты бюджеттік шешім қабылдаудан бастап адамға әсер ететін түпкілікті нәтижеге дейінгі барлық кезеңнің ашықтығын қамтамасыз ететін жүйелік құрылымды қалыптастыру қажеттілігі туындайды», деді Шолпан Ануарбекқызы.
Оның айтуынша, білім беру саласындағы қаржыландыру тиімділігі ең алдымен қаражат қозғалысының бүкіл жүйесін дұрыс түсінуден басталады. Айталық, міндеттемелердің қалыптасуы, мәліметтердің расталуы мен төлемдердің жүзеге асырылуы жеткілікті деңгейде айқын болмаса, бюджет процесінің ашықтығы мен болжамдығын қамтамасыз ету қиын.
Макаланың толық нұсқасын Егемен Қазақстан газетінің, egemen.kz сайтынан оқи аласыздар.
Сілтеме:
https://egemen.kz/article/411964-bilimge-bolingen-qardgy-tiimdi-dgumsalyp-dgatyr-ma