Жекеменшік мектептерді салу және реконструкциялау
Мемлекеттік тапсырыс
Жекеменшік мектептер мен мектеп-интернаттарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
Алдын ала шарт жасасуға өтініш беруЖобаның шарттары
Нысан пайдалануға берілгеннен кейін екі компоненттен тұратын мемлекеттік тапсырыс орналастырылады:
-
Кәсіпкердің өз қаражаты есебінен құрылысты / реконструкцияны іске асыру
-
Объектіні пайдалануға бергеннен кейін құрылыс пен реконструкция кезінде 8 жыл ішінде ай сайынғы негізде мемлекеттік тапсырысты орналастыру
-
Төлемдер оқып жатқан нақты білім алушылар үшін жүзеге асырылады
Мектеп ғимараты үшін амортизациялық төлемдер
Мектеп және/немесе интернат ғимараты үшін амортизациялық төлемдер объектіні пайдалануға бергеннен кейін 8 жыл ішінде нақты білім алушылар үшін, бірақ жобалық қуаттылықтан жоғары емес төленеді.
Операциялық төлемдер
Норматив оқушылардың нақты саны бойынша өтеледі. Орташа алғанда жылына 1 оқушыға 590 мың теңгені құрайды.
Мектеп ғимаратының құрылысы
Ғимаратты мектепке реконструкциялау
Интернат ғимаратының құрылысы
Ғимаратты интернатқа реконструкциялау
* 2024 жылғы АЕК — 3 692 теңге
Нормативтің мөлшері бірнеше факторларға байланысты:
- 01Білім деңгейінен
- 02Орналасқан жерінен (ауыл / қала, өңір)
- 03Аймақтың экологиялық / радиациялық ерекшеліктерінен
- 04Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың болуынан
Статистика
Оқушы орындарына қажеттілік:жоқ500-ге дейін2 500-ге дейін2 500-ден астам
Аймақ атауын көру үшін курсорды апарыңыз.
Калькулятор
2023 жылға арналған жекеменшік мектептер үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін есептеу
Мектептің, оқушылардың болжамды контингенті
| Білім деңгейі | Жалпы білім беретін сынып оқушылары, оның ішінде: | Арнайы (түзету) сыныптарының оқушылары | Үйде оқитындар | Барлығы | |
|---|---|---|---|---|---|
| Нормотиптік оқушылар | ЕББҚ бар оқушылар | ||||
| 1-4 сыныптар | 100 | ||||
| 5-9 сыныптар | 100 | ||||
| 10-11 сыныптар | 100 | ||||
| Барлығы контингент | 300 | ||||
Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі (теңге)
2023 жылға арналған жекеменшік мектеп-интернаттар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін есептеу
Мектептің, оқушылардың болжамды контингенті
| Білім деңгейі | Жалпы білім беретін сынып оқушылары, оның ішінде: | Арнайы (түзету) сыныптарының оқушылары | Үйде оқитындар | Барлығы | |
|---|---|---|---|---|---|
| Нормотиптік оқушылар | ЕББҚ бар оқушылар | ||||
| 1-4 сыныптар | 115 | ||||
| 5-9 сыныптар | 115 | ||||
| 10-11 сыныптар | 115 | ||||
| Барлығы контингент | 345 | ||||
Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі (теңге)
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру алгоритмі
-
Өтініш беру және алдын ала шарт жасасу
Порталда өтініш беру -
Мектепті салу немесе реконструкциялау (СанЕмН, ҚНмЕ және өрт қауіпсіздігіне сәйкес)
-
20 жыл мерзімге нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығын тіркеу (ХҚКО-да тіркеу)
-
Білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алу, кадрларды іріктеу және оқушыларды қабылдау
-
Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) және мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу goszakup.gov.kz
-
Операторға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтініш жолдау
-
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға шарт жасасу
-
Оператордың қаражатты төлеуі
Қосымша қолдау шаралары
-
Ата-ана төлемі
Қазақстандық оқыту бағдарламасы бар мектептер үшін 1200 АЕК-тен жоғары емес.
Халықаралық оқыту бағдарламасы бар мектептер үшін жылына 2400 АЕК-тен жоғары емес. -
Банктік қарыздарды субсидиялау
«Даму» қорының бағдарламалары шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы қарыз қаражаты есебінен нысанды пайдалануға беру мүмкіндігі бар. Толығырақ: damu.kz
-
Жер учаскелерін алу
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде мемлекеттік заттай гранттар алуға мүмкіндік бар — кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не жер пайдалануға берілетін мүлік.
ЖСҚ банкі
Жекеменшік мектептерге арналған үлгілік жобалау-сметалық құжаттама.
Нормативтік құқықтық актілер
- 01 «Білім туралы» Заңы
- 02 Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі
- 03 Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары
- 04 Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары
- 05 ҚР ҚЖ 3.02-111-2012 «Жалпы білім беру ұйымдары»
- 06 Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалар
- 07 Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
- 08 Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары
- 09 Білім беру қызметіне лицензия беру қағидалары
- 10 ҚР Кәсіпкерлік кодексі
- 11 Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері
Жиі қойылатын сұрақтар
Білім алушыларды (студенттерді, магистранттарды, докторанттарды) қамтамасыз ету қандай тетік бойынша іске асырылатын болады?
Тетік мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде іске асырылатын болады және келесідей: ЖОО, колледж немесе инвестор:
-қажетті құжаттар топтамасын қоса бере отырып, операторға («Қаржы орталығы» АҚ) өтінім береді;
-уәкілетті органмен және оператормен мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы шарт жасасады;
-жатақханаларда білім алушылардың тұруы үшін жаңа орындарды енгізу бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
-жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін 6 жыл ішінде (қайта жаңарту кезінде 8 жыл) тіркелген төлем алады.
ЖОО, колледж немесе инвестор қандай қаражат есебінен білім алушылардың тұруы үшін жаңа орындар құратын болады?
Жаңа орындарды іске қосуды қаржыландыру ЖОО/колледждердің меншікті қаражатынан, қарыз қаражатынан, инвесторды тарту көзделеді.
Бұл ретте ЖОО/колледж немесе инвестор жатақхана базасында коммерциялық алаңдар құруға құқылы, олардың есебінен қосымша пайда табатын болады.
Сондай-ақ қосымша табыс ретінде білім алушылар тарапынан тұру ақысын алады.
Студенттік жатақханаларды салуға қандай талаптар қойылады?
Студенттік жатақхана нысандарына қойылатын талаптар жоқ, ең бастысы, құрылыс және санитарлық нормалар сақталуы керек.
Жатақханада тұру құны осы мемлекеттік тапсырыстың мөлшеріне кіре ме?
Тұру құны төлем мөлшеріне кірмейді, тұру ақысын білім алушылардың өздері төлейді, өйткені жатақхананы тиісті түрде ұстау айтарлықтай шығындармен байланысты.
Бұл жобаға қызығушылық танытқан университеттер, колледждер, инвесторлар бар ма?
Министрлік пен «Қаржы орталығы» АҚ-да механизмнің тұжырымдамасын түсіндіруге, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалардан ұсыныстар алуға бағытталған бірқатар кеңестер, кездесулер, оның ішінде қаржы мекемелерімен, оқу орындарының басшыларымен, ірі құрылыс салушылармен кездесулер өткізілді. Бұл жоба барлық әлеуетті қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырады деген қорытынды жасауға болады.
Жатақханаларды енгізудің осы тетігін қолдану оқу құнының өсуіне алып келе ме?
Бұл механизм оқу ақысына әсер етпейді. Жатақханаларда жаңа төсек-орындарды енгізу мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберіндегі төлемдермен өтеледі және білім беру қызметтерін көрсету құнына ешқандай әсер етпейді. Бұл жобаны іске асыру білім беру ортасын жақсартады және керісінше қазақстандық білім беру ұйымдарында жастардың оқу орнын таңдауына оң әсер етеді деп санаймыз