ЖБШҚ туралы
ЖБШҚ анықтамасы
Білім беру ұйымы білім алушылардың санына қарай мемлекеттік ақша алатын қаржыландыру әдісі.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру - бұл білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың кепілдендірілген мемлекеттік құнын қаржылық қамтамасыз ету нормативі.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшерін есептеу үшін кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) әзірленді.
Білім беру процесін және білім беру ортасын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен нақты білім беру ұйымына бөлінетін ақша қаражатының көлемі осы ұйымдағы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің, оқушылардың) санына байланысты болады және Әдістеме бойынша есептелген жан басына шаққандағы нормативтерді осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің, оқушылардың) санына көбейту арқылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) айқындайды.
ЖБШҚ мақсаты
бұл білім беру ұйымдарының заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауын қаржылық қамтамасыз ету көлемін есептеу кезінде бірыңғай тәсілді ұсыну, білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ экономиканың орнықты өсуі үшін сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен адами капиталды дамыту.
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың негізгі міндеттері
- білім беру ұйымының даму процестерін сапа мен бәсекеге қабілеттілікті сақтауға және тұрақты арттыруға ынталандыру;
- оқушылар үшін білім беру таңдауының өсуі;
- болашақта білім беру ұйымдарының автономиясының өсуі;
- бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаттары
- объективтілік: субъективті белгілердің, "сүйікті" мәртебесі және теріс көзқарас болмауы;
- теңдік: аймақ бөлінісінде бірдей оқу ақысы;
- ұтымдылық: білім беру ұйымын нақты қажеттілікке қарай қаражат жұмсауға ынталандыру;
- қамтамасыз ету: тәрбиеленушінің, оқушының, студенттің білім беру процесі мен ортасын қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының жеткіліктілігі;
- ашықтық: әр мектеп өзінің бюджетін алдын-ала біледі, бұл тек оқушылар контингентіне байланысты;
ЖБШҚ іске асырудағы «Қаржы орталығы» АҚ рөлі
«Қаржы орталығы» АҚ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, кредиттік технологияны ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейлері бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуді әдіснамалық қамтамасыз ету;
- білім берудің барлық деңгейлері бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар жобаларын әзірлеу және жобаларды мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жәрдемдесу;
- білім беру ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін кездесулер мен консультациялық семинарлар түрінде, оның ішінде Астана қаласындағы "қаржы орталығы" АҚ базасында жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыру және өткізу;
- жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру барысы мен нәтижелері туралы деректерді жинау, мониторингілеу және талдау (оқушылардың/тәрбиеленушілердің қозғалысы, апробация кезеңінде білім беру ұйымдарында туындайтын проблемалар, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын пайдалану бағыттары);
- білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға арналған шығыстарды есептеу;
- Қазақстанда пайдаланылатын жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға, оның ішінде елдің экономикалық мүмкіндіктерімен салыстыру жолымен тәсілдерді қолданудың себептері мен салдарын талдау негізінде ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, ағымдағы экономикалық жағдай жағдайында пилоттық ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландырудың қолданыстағы әдіснамалық тәсілдерінің өзектілігін бағалау.
ЖБШҚ iске асыру тарихы
2011-2013
Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) «Бюджеттік шешімдер» ҚБ (Ресей) және Юнисеф келісе отырып жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу әдістемесі әзірленуде
2012
"Қаржы орталығы" АҚ мектептерде ЖБШҚ мониторингі және енгізу үшін тағайындалды
2013
республиканың 4 облысында (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан) 50 пилоттық мектепте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу басталды
2014
апробацияға Ақмола облысының 13 мектебі енгізілді
2017
пилоттық жобаға 10 мектеп енгізілді: Астана қаласында (5 мектеп), Алматы қаласында (5 мектеп)
2018
жан басына шаққандағы қаржыландыру Астана қаласының 80 мемлекеттік мектебінде енгізілді
2019
Алматы қаласындағы 195 мемлекеттік мектепте және Шымкент қаласындағы 131 мемлекеттік мектепте енгізу жұмыстары