Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

Тарихы және функционалы

Тарих

  1. «Қаржы орталығы» ММ қызметінің негізгі мәні студенттерге жоғары білім алу үшін нысаналы мемлекеттік кредит беруді көздейтін мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттер (бұдан әрі-МББ және МСК) беру болып айқындалды. МББ және МСК 1999-2005 жылдар аралығында 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге берілді, оларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу мерзіміне өтеу бойынша жеңілдікті кезең және оқу аяқталғаннан кейін 6 ай берілді.

  2. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Қаржы орталығы» АҚ болып қайта құру жолымен «Қаржы орталығы» ММ қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысы). Жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес қызметтің негізгі мәні ақшалай нысанда орындауды көздейтін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беру болып айқындалды.

  3. Бұрын берілген мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді, оның ішінде қарыз алушылар кредиттік келісімдердің талаптарын бұзған кезде сот тәртібімен қайтару жөніндегі сенім білдірілген агент ретінде жұмыс басталды.

  4. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін оқыту аяқталған сәттен бастап үш жыл ішінде жұмысқа орналастыру мониторингін жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелген. Жұмыспен өтеу бойынша міндеттерді орындаудан бас тартылған жағдайда оқуға жұмсалған бюджет қаражатының шығыстарын, оның ішін сот тәртібімен өндіріп алу жөнінде шаралар қабылданады. Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген түзетулерді ескере отырып, аталған міндетті орындамағаны үшін жауапкершілік пен жұмыспен өтеу міндеті жүктелген тұлғалардың тізбесін кеңейте отырып, мониторингке жататын білім беру гранттары мен жас мамандар санаттарының санаттарының өсуіне сәйкес Қоғам тарапынан мониторингке жататын жас мамандар контингенті жыл сайын өсіп отырады.

  5. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңының қабылдануына байланысты Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне тіркелген салымдарына мемлекет сыйлықақыларын есептеуді және аударуды, сондай – ақ барлық қатысушыларының (ЕДБ, студенттер, мүдделі мемлекеттік органдар) өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің операторы (бұдан әрі-МБЖЖ) ретінде жұмыс басталды. МБЖЖ салымдары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім алу мақсаттарына ақша жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, мемлекет тарапынан 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын МБЖЖ салымының сомасына жылдық 5-тен 7 пайызға дейінгі мөлшерде мемлекеттік сыйлықақы есептеу қамтамасыз етіледі.

    Пилоттық орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруды қолдау және бақылау бойынша қызметтерді көрсету басталды, оның ішінде: нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; пилоттық мектептердің консультациялары; жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүзеге асыру туралы деректерді жинау, мониторингтеу және талдау; мектептердің оқу-тәрбие процесін қаржыландыруға арналған шығыстардың есебі. Кейіннен жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру білім берудің барлық деңгейлерін қамтыды және бүгінгі күні білім берудің барлық деңгейлеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметі үйлестіруде.

  6. ҚР Тұңғыш Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының Үшіншісін іске асыру шеңберінде студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру. Жыл сайын елімізде студенттік жатақханаларда кемінде 10 мың жаңа орын енгізіледі, оларға мемлекет тарапынан 20 жыл мерзімге студенттік жатақханалардың нысаналы мақсатын өзгертуге шектеулер қойылған. Бұл ретте, мемлекет тарапынан төлем мерзімі жатақхана пайдалануға берілген күннен бастап 6 немесе 8 жылды құрайды.

    Сонымен қатар, студенттерді ынталандыру мақсатында олар жүзеге асыратын әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызмет үшін студенттерге жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындаған кейбір академиялық кредиттерді есепке алуға және республикалық бюджет қаражаты есебінен материалдық көтермелеу алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік студенттік кредит түріндегі көтермелеу белгіленді. Әлеуметтік студенттік кредитті ұйымдастыру жөніндегі оператор болып «Қаржы орталығы» АҚ анықталды.

  7. Размещение государственного образовательного заказа на среднее образование в частных организациях образования, централизованно по всей Республике. В комплексе с принятыми изменениями в расчете подушевого нормативного финансирования среднего образования и централизованным размещением вышеуказанного государственного образовательного заказа привело к значительному росту числа частных школ и заинтересованности со стороны частных инвестиций в сферу образования.

  8. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ағымдағы 2022 жылдың қыркүйегінен басталады. Бұдан басқа, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранты) негізінде білім алушыларға мемлекеттік стипендия төлеу бойынша жұмыс басталды. 2021 жылдан бастап ағымдағы сәтке дейін жекелеген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының стипендияларын орталықтандырылған төлеуге апробация жүргізілді. Стипендияларды орталықтандырылған төлеуге толық көшу ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Білім туралы» ҚР Заңының нормаларын іске асыру шеңберінде заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді келісу және қабылдау рәсімдері аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

    Бұдан басқа, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранты) негізінде білім алушыларға мемлекеттік стипендия төлеу бойынша жұмыс басталды. 2021 жылдан бастап ағымдағы сәтке дейін жекелеген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының стипендияларын орталықтандырылған төлеуге апробация жүргізілді. Стипендияларды орталықтандырылған төлеуге толық көшу ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Білім туралы» ҚР Заңының нормаларын іске асыру шеңберінде заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді келісу және қабылдау рәсімдері аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

  9. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

  10. Қоғам Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына өту

Функционал

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын оператор
  • Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша оператор
  • Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бойынша оператор
  • Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің операторы
  • Қаржы ұйымдары берген білім беру кредиттері бойынша мемлекет атынан кепілгер
  • Жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмыс істемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу және жұмыспен өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі оператор
  • Бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттерді қайтару жөніндегі сенім білдірілген агенті
  • Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылар қызметінің үйлестіруші