Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

ҚЫЗЫЛОРДАДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

29 Шілде 2024 4

Ағымдағы жылы елімізде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған 2103 орындық 8 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған.

Мәселен, Қызылорда қаласында «Дүлдүл» жеке кәсіпкер 200 орындық студенттер жатақханасының құрылысын жүргізуде. Жаңа жатақханаға жергілікті колледж студенттері орналастырылатын болады.

Студенттер үйінің орналасқан мекен-жайы: Сырдария ш/а, 4-көше, 10-уч. Жатақхана 5 қабаттан тұрады. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары 85 пайызға орындалып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Жоба операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады. Студенттік жатақханалардың құрылысы бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз 8-800-080-28-28 нөмірі бойынша колл-орталыққа жүгіне аласыз.

#Қазақстанстуденттері 
#Жатақханақұрылысы 
#Білімберужаңалықтары

← Все новости

Актуальные новости