Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

АСТАНАДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА «NEOTECH DIGITAL SCHOOL» БАСТАУЫШ ЖЕКЕМЕШІК МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

30 Шілде 2024 4

«NEOTECH DIGITAL SCHOOL» Primary жаңа заманауи бастауыш мектебі қыркүйек айында ашылады. IT бағытына бағытталған жекеменшік бастауыш мектептің жобалық қуаты бір ауысымда 450 оқушыны құрайды. Мемлекеттік білім беру стандарттары бойынша оқыту тегін болады.

Бастауыш мектеп 3 блоктан тұрады: бірінші блок – оқу ғимараты, екінші блок – спорт зал, бассейн, әкімшілік ғимарат және үшінші блок – жабық хоккей корты.

Мектепте толық жабдықталған оқу кабинеттері, веб-камералары бар интерактивті тақталар, соңғы үлгідегі жабдықталған зертханалар бар. Оқу үдерісінен басқа мектеп оқушыларына арналған көптеген үйірмелер мен секциялар бар: «Logical Maths», «Research&Creativity», «Robotics», «Game Theory», «3D modeling», «STEАM», «Digital Design», хореография, хор, шахмат және т.б.

Мектеп соңғы үлгідегі заманауи спорттық құралдармен жабдықталған:
Баскетбол, волейбол және шағын футбол жабдықтары бар заманауи спорт зал
Үш жолы бар 25 метрлік жүзу бассейні, 3х2 метрлік екі шағын бассейн
Трибуналары бар хоккей корты (НХЛ стандарты) 
Жаттығу залы
Жекеменшік бастауыш мектеп құрылысы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында «3d Club» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүргізілуде. Жобаның операторы «Қаржы орталығы» АҚ. Болашақ мектебі оқушыларды жаңа оқу жылына қарсы алуға дайын.

#жекеменшікмектеп
#частныешколы 
#білімжаңалықтары

← Все новости

Актуальные новости