Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

АЛМАТЫДА ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ЕНГІЗІЛУДЕ

26 Шілде 2024 4

Жатақханалардың жетіспеушілігі Алматыдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ағымдағы жылы қалада жеке инвестициялар есебінен 4010 орынға арналған 7 жатақхананың құрылысы жүргізілуде.

Мәселен, жаңа оқу жылында 130 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана ашылады, онда педагогикалық мамандықтағы Ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері тұратын болады.
Заманауи жатақхана бұрынғы ғимаратты реконструкциялау арқылы пайда болды. Құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары толығымен аяқталды. Барлық қажетті жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды.  Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі. 

Студенттерді жатақханаға орналастыру тамыз айының ортасында жоспарлануда. Жатақхана Алматы ауд., Жұмалиева 28 ш/а  мекен-жайы бойынша орналасқан. 

← Все новости

Актуальные новости