САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУҒА ҚАРАЖАТ ЖИНАҢЫЗ
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) - бұл кез келген азамат өз баласы үшін Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім төлеуге жеткілікті қаражат жинақтау мүмкіндігі.
МБЖЖ шеңберінде өмірді балам беру жинақтау сақтандыруы шартын жасасу арқылы ата-аналар сақтандыру ұйымы есептейтін инвестициялық кіріске қосымша жылдық 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекет сыйлықақысын ала отырып, өз балаларын оқытуға қаражат жинақтай алады.
Бүгінгі таңда бағдарламаға 5 сақтандыру компаниясы қатысуда, екі жыл ішінде 1,3 млрд теңгеге 1900-ге жуық сақтандыру салымдары ашылды:
«Халық-life» ӨСК АҚ
«Nomad life» ӨСК АҚ
«Freedom Finance life» ӨСК АҚ
«Standard life» ӨСК АҚ
«Еуразия» ӨСК АҚ
Қосымша ақпаратты біздің сайтымыздан, сондай-ақ келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (800)- 080 -28-28 (call-center), 8 (7172)-695-127