ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕГІ СТИПЕНДИЯ ТӨЛЕМДЕРІ
«Қаржы орталығы» АҚ 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес стипендиялар төлеу жүргізілетінін хабарлайды.
Мемлекеттік стипендияларды төлеу айдың 15-і күніндегі жағдай бойынша жүргізілетін алушылардың (студенттер) жоғарыда көрсетілген Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін толық ай үшін бөлшектемей жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, төлем әр айдың 15-ші күнінен бастап жоғары оқу орындарынан есептер сәтті ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Жазғы демалыс кезеңінде ЖОО білім алушыларына мемлекеттік стипендия төлемдері екі ай (шілде, тамыз) үшін қосылып төленеді. Төлемдер шілде айының соңғы күндерінде жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, «Қаржы орталығы» АҚ жоғары оқу орындарында білім алушылардың мемлекеттік стипендияларын ғана төлейтінін атап өткіміз келеді. Жол төлемдерін есептеу және төлеу «Қаржы орталығы» АҚ құзыретіне кірмейді.