ПАВЛОДАРДА 189 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ЖАТАҚХАНА АШЫЛДЫ
ПАВЛОДАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН 189 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ЖАТАҚХАНА АШЫЛДЫ
Павлодарда медициналық жоғары колледждің студенттік жатақханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты. Ол ғимаратты аралап, студенттер мен жас мамандардың тұрғын үй жағдайымен танысты.
Бұрынғы әкімшілік ғимараттың орнына барлық қолайлығы бар заманауи жатақхана пайда болды. Ғимарат толықтай қайта жаңғыртылып, 65 бөлме жабдықталды. Жаңа жатақхана 189 орындық. Оның 30-ы медицина қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне, қалғаны - медициналық колледж студенттеріне арналған.
Мердігер ұйым «Павлодар Ремкоплекс» ЖШС. Директор Марина Киеваның айтуынша, қайта құру және қайта жабдықтау 10 айға созылды. Қайта құру кезінде қасбет жұмыстары жүргізіліп, жылу, сумен жабдықтау, кәріз және желдету жүйелері, электр желілері толығымен ауыстырылды. Ескі ағаш терезелердің орнына жаңа терезелер орнатылды. Әр бөлмеде жуынатын бөлме мен ас үй бар. Спорт залы, кітапхана, коворкинг, медициналық кабинет және жаттығу залы толық жабдықталған. Мұнда жайлы өмір сүруге, оқуға және бос уақытыңызды белсенді өткізуге барлық жағдай жасалған.