ЖОО БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА СТИПЕНДИЯ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
«Қаржы орталығы» АҚ 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес стипендиялар төлеу жүргізілетінін хабарлайды.
Мемлекеттік стипендияларды төлеу айдың 15-і күніндегі жағдай бойынша жүргізілетін алушылардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін толық ай үшін бөлшектемей жүзеге асырылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары операторға өздерінде оқып жүрген алушылар, олардың аралық аттестаттауының (емтихан сессиясының) нәтижелері, осы Қағидаларға сәйкес алушылардың санаттары, сондай-ақ алушылардың таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте не Ұлттық пошта операторында ашылған олардың ағымдағы шоттарының деректемелері туралы мәліметтерді ұсынады.
Осыдан кейін ғана төлем жасалады.
Стипендия төлемдері бойынша белгіленген күн жоқ.