Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

КӨҢІЛ АЙТУ ХАТЫ

9 Шілде 2024 4

«Қаржы орталығы» АҚ ұжымы Альбиева Балжан Шойынғорақызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы және туған-туыстарына көңіл білдіреді. 

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласындағы «Қаржы орталығы» филиалының бас маманы ретінде бастап, бүгінгі күнге дейін Орталықтың Бюджеттік қаржыландыру департаментінің директоры лауазымында еңбек етіп келді.

Білім беру саласындағы жан басына қаржыландыру әдіснамасын әзірлеу бойынша білім саласының дамуына өз үлесін қосып, білікті маман ретінде көрсете білді.

Өз өмірін адал және абыроймен өткізген, өзінің жақсы істерінің жемісін қалдырған адамның жарқын естеліктері әрқашан мәңгі болмақ.

 «Қаржы орталығы» АҚ ұжымы атынан Балжан Шойынғорақызының жолдасы мен балаларына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

 

«Қаржы орталығы» АҚ ұжымы

 

← Все новости

Актуальные новости