Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

Астанада «Келешек» бағдарламасына жетім балалардың қатысуы мәселелері бойынша кездесу өтті

22 Мамыр 2025 4

2025 жылғы 22 мамырда Астанада, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған «Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қызметінің негіздері» атты республикалық семинар-тренинг аясында, М.С. Нәрікбаев атындағы университет қабырғасында, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшылары арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында Біріңғай білім беру жинақтау жүйесі – «Келешек» бағдарламасы таныстырылып, оның ерекшеліктері мен аталған санаттағы балалар үшін артықшылықтары түсіндірілді.

«Қаржы орталығы» АҚ-ның жетекші маманы Айгерім Асанова бағдарлама аясында балалардың білім алу және кәсіби даярлық үшін қаражат жинақтау мүмкіндіктерін ұсынатын негізгі аспектілерін таныстырды. Семинар қатысушылары бағдарламаға үлкен қызығушылық танытып, қатысу алгоритмі мен ұсынылған мүмкіндіктерді жүзеге асыру бойынша белсенді түрде сұрақтар қойды.

«Қаржы орталығы» өкілі ұйымдарда бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті.

Кездесу соңында «Қаржы орталығы» АҚ-ның жауапты қызметкерінің байланыс деректері ұсынылып, «Келешек» бағдарламасының мүмкіндіктері мен оның қолдауды қажет ететін балалар үшін артықшылықтарын егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында қосымша кеңестер өткізілетіні хабарланды.

«Келешек» бағдарламасы немесе «Қаржы орталығы» АҚ-ның қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін 8 (800) 080 28 28 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуға болады.

← Все новости

Актуальные новости