Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

Жекеменшік мектеп-интернаттарға (Хабарлама)

10 Маусым 2025 4

«Қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам, Тапсырыс беруші) жекеменшік жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) орналастыру шеңберінде Тапсырыс беруші бола отырып, 2025 жылғы 1 ақпандағы № 050740000618/250023/00 қосылу шартына (бұдан әрі – Шарт) сәйкес келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 1-тарауының 18) тармақшасына сәйкес:

• мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын білім алушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы.

Жоғарыда көрсетілгенге байланысты Шартқа өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, 3.4-тармақ 25) тармақшасымен толықтырылды, оған сәйкес:

заңды өкілдері жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернат, жекеменшік мектеп-интернат жұмыс істейтін елді мекеннен тыс жерде тұрақты немесе уақытша тіркеуі (тіркелуі) бар, осы жекеменшік білім беру ұйымдарда тұратын білім алушылардың және «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес көп балалы және табысы аз отбасылардан шыққан, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан баларлардың, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалардың,  ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өмір сүру, еңбек жағдайлары, денсаулық жағдайы бойынша отбасына көмек көрсете отырып, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалардың нақты контингентті тізілімге енгізуді қамтамасыз ету.

Осыған байланысты интернатқа білім алушыларды заңсыз тіркеу тәуекелін болдырмау мақсатында интернатта тұратындардың нақты контингентін Шартпен белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді сұраймыз.

Егер білім беру ұйымы тарапынан қате анықталса, Қоғамның есеп айырысу шотына артық алынған ақшалай қаражатты өз еркімен қайтаруды ұсынамыз. Сонымен қатар, мұндай бұзушылықтардың қайталануын болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.

 

← Все новости

Актуальные новости