«ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ГРАНТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАДАҒАЛАУ ҮШІН 1414-ТЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН ТҮЛЕКТЕРГЕ СМС ЖОЛДАУДА
Соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, қаскүнемдер өздерін әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерді алуға тырысуда. Осыған байланысты «Қаржы орталығы» АҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау шеңберінде грантты міндетті өтеу туралы деректер цифрлық форматқа ауыстырылғанын хабарлаймыз. Яғни, Қаржы орталығы қызметтерін ұсыну үшін дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салу бойынша 1414-тен келген хабарламалар алаяқтық әрекеттер болып табылмайды.
511 жауап – келесі дербес деректерге яғни, түлектің жұмыс орнының БИН және зейнетақы аударымдарының түскен мерзіміне қарау рұқсаты беріледі. Түлек келісімін берген жағдайда құжат тапсырудан босатылады. SMS-ке жауап беру уақыты 15 минут! Сондай-ақ, үлгермеген түлектер үшін Қаржы орталығына хабарласу арқылы өз келісімін беру мүмкіндігі бар.
Жеке деректерге қол жеткізуге келісім беру толығымен түлектің өз еркіне байланысты екенін атап өту маңызды, рәсім ерікті болып табылады. Бүгінгі таңда «Қаржы орталығы» АҚ 52 мыңнан астам келісім жинады.