Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

2024 ЖЫЛЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ЖАҢА 7 ЖАТАҚХАНА АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

15 Тамыз 2024 4

Жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2 033 төсек-орынға арналған 7 жатақхана ашу жоспарлануда. Оның 189 орындық бір жатақханасы оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді.

Жаңа заманауи жатақхана Павлодар облысында медициналық жоғары колледж студенттері үшін ашылды. Ғимарат толықтай реконструкцияланып, 65 бөлме жабдықталды. Жаңа жатақхана 189 орындық. Оның 30-ы медицина қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне, қалғаны - медициналық колледж студенттеріне арналған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін Ақмола, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1844 төсек-орынға арналған тағы 6 жатақхана ашу жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.

← Все новости

Актуальные новости