ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША WHATSAPP ЖЕДЕЛ ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛДЫ
Еліміздегі жекеменшік мектептердің жұмысына қатысты мәселелерді шешу үшін +7 775 238 62 68 нөмірі бойынша WhatsApp желісі құрылды.
Енді кәсіпкерлер, жекеменшік мектеп қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар «Қаржы орталығы» АҚ мамандарына тікелей хабарласып, кері байланыс ала алады.