Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

11 Қыркүйек 2024 4

9 қыркүйек күні «Қаржы орталығы» АҚ мен «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл Меморандумның мақсаты - мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған университет түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындауына мониторинг жүргізу және бақылау мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Келісімнің негізгі міндеттері - екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету, тәжірибе алмасу, университеттің білім алушылары мен қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмыс жүргізу, практикалық көмек көрсету, студенттердің өтініштерін қарау және университет қабырғасында қажет болған жағдайда сол жерде медиациялық қызмет көрсету.

← Все новости

Актуальные новости