Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА

18 Қыркүйек 2024 4

17-18 қыркүйекте Шымкент қаласында Оқу-ағарту Министрлігінің және «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері білім басқармасымен және бөлімдерімен, мектепке дейінгі ұйымдармен және ата-аналар активімен мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыруды енгізу мәселелері бойынша консультативтік-түсіндіру кездесулерін өткізді.

Кездесуге қатысушылар Тараз қаласында дербес қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның тәжірибесін атап өтіп, мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландырудың жаңа форматының механизмі мен артықшылықтарымен танысты.

Сонымен қатар, Оқу-ағарту Министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың жаңа тәсілін енгізудің және «ақша баланың соңынан жүреді» қағидатын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа механизм шеңберінде кезекке қоюдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге дейін барлық рәсімдер толық қайта қаралды. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың жаңа схемасы, ол балаға ақшалай қаражатты анықтауды және бекітуді, содан кейін қаражатты мектепке дейінгі білім беру ұйымына жеткізуді қамтиды.

Кездесу қорытындысы бойынша қаржы орталығының өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді. Жақын арада Шымкент қаласын мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастырудың пилоттық жобасына қосу жоспарлануда.

← Все новости

Актуальные новости