❗️Сақ болыңыздар! Телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі жағдайлары жиілеп кетті
📩Соңғы уақытта Қазақстанда телефоннан WhatsАpp және Telegram мессенджерлері арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі жағдайлары жиілеп кетті. Қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың, банктердің қызметкерлері, сондай-ақ әртүрлі ұйымдардың өкілдері ретінде таныстыруы мүмкін.
📲Оның ішінде алаяқтар жалған нөмірлер бойынша (фотосуреттермен) «Қаржы орталығы» АҚ басшылары мен қызметкерлерінің атынан өтініштер мен хабарламалар жібереді, түрлі қоңыраулар жасайды.
«Қаржы орталығы» АҚ мұндай қоңыраулар мен хабарламалар келіп түскен жағдайда, әңгімені бірден тоқтатып, осы пайдаланушының үстінен «шағымдану» және алаяқтық фактісі туралы аймағыңыздағы полиция департаментінің сенім телефонына хабарлау керектігін хабарлайды.
Сіздерден аса сақ болуды және абай болуды сұраймыз.