ГРАНТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАДАҒАЛАУ ҮШІН 25000 КЕЛІСІМ ЖИНАЛДЫ
👨🏻🎓👩🏻🎓25 мыңнан астам түлек «Қаржы орталығы» АҚ-ға мемлекеттік тапсырысты жұмыспен өтеуді мониторингілеу үшін дербес деректерді жинауға/өңдеуге келісім берді.
✅Естеріңізге сала кетейік, «Қаржы орталығы» АҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін табысты интеграциялау нәтижесінде грантты жұмыспен өтеу туралы мәліметтер цифрлық бағытқа ауыстырылды.
🙋🏻♂️Ол үшін ЖОО студенттері мен түлектері 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама алған кезде дербес деректерді жинау/өңдеу сұрауына келісіммен 15 минуттың ішінде жауап беруі қажет (жауап 511), үлгермеген жағдайда 8-800-080-28-28 нөмірі бойынша Қаржы орталығына қоңырау шалу қажет.
🔰Түсіндіру жұмыстарын елордалық ЖОО жанындағы мансап орталықтары белсенді жүргізуде. Л.Гумилева атыңдағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Астана IT университет түлектерінің 80% - дан астамы өз келісімін берді. Оқу орындарының өкілдері «Қаржы орталығы» АҚ-ның алғыс хаттарымен марапатталды.