ЕҰУ «Келешек» жүйесіне қатысушыларды оқытуға жеңілдіктер береді
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйесі саласындағы оператор – «Қаржы орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы Келісім шеңберінде университет «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесінің қатысушыларына оқуға 70% - ға дейін жеңілдіктер береді.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Келешек» мемлекеттік ерікті жинақтау жүйесінің бастамасын қолдаған Қазақстанның алғашқы ұлттық жоғары оқу орындарының бірі болды. Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген жаңа жүйе өз балаларына сапалы білім алуды жоспарлап отырған отбасылар үшін айтарлықтай мүмкіндіктер береді.
Келісімге басқарма төрағасы – университет ректоры Ерлан Сыдықов және «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов қол қойды.
«Келешек» бірыңғай жинақтаушы бағдарламасы ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау үшін маңызды құралға айналады, әрбір адамға жас кезінен бастап өзінің болашағы үшін тұрақты база құруға мүмкіндік береді, - деді университет ректоры Ерлан Сыдықов.
«Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов бұл қадамның маңыздылығын атап өтті:
«Келешек» бағдарламасына қатысушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларынан басқа, Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығы «Келешек» бағдарламасына қатысушыларға қаржылай емес қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шараларға бастамашылық етті. Осы меморандумға қол қою – жастардың білім алуы мен дамуы үшін қолжетімді және тең орта құру бағытындағы маңызды қадам», - деп атап өтті спикер.
Осы тетікке сәйкес, бала 5 жасқа толған кезде мемлекет бастапқы білім беру капиталын 60 АЕК (2025 жылы бұл 235 920 теңге) көлемінде, ал жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) көлемінде бастапқы білім беру капиталын бөледі, сондай-ақ жыл сайын 5-7 % мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы және қатысушыға банктің сыйақысы немесе өмірді сақтандыру компаниясынан инвестициялық сыйақы төленетін болады.
Сонымен қатар, «Келешек» жүйесіне қатысушылар, соның ішінде өтініш берушілер:
- жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға оқу ақысына 50% жеңілдік беріледі;
- мүгедектерге 30%-ға дейін жеңілдік беріледі;
- көп балалы отбасыларға 30%-ға дейін жеңілдік беріледі;
- аз қамтылған отбасыларға 20% жеңілдік беріледі;
- басқа санаттар студенттер үйінде (жатақханада) оқудың барлық кезеңінде тегін тұртын болады.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедраларымен бірлесіп оқу кезінде (9-11 сыныптар) ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын талапкерлерге ерекше назар аударылады, студенттер оқуға 70% - ға дейін айтарлықтай жеңілдікке сене алады. Бұл қолдау бүгінгі күні ғылым мен білімнің дамуына өз үлесін қосып келе жатқандарға кең мүмкіндіктер ашуға, ерте жастан бастап ғылыми білімді ынталандыруға және білімге деген құштарлықты оятуға бағытталған.
Серіктестік аясында тараптар қаржылық қолжетімділікті арттыруға, дарынды студенттерді қолдауға және инновациялық білім беру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедраларымен бірлесіп оқу кезінде (9-11 сыныптар) ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын талапкерлерге ерекше назар аударылады, студенттер оқуға 70% - ға дейін айтарлықтай жеңілдікке сене алады.
Анықтама үшін:
«Келешек» - бұл жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беруді қоса алғанда, елде және шетелде білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында 18 жасқа толғанға дейін қаржы-қаражатын тұрақты жинақтау үшін Қазақстан балаларына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын (мемлекеттік грант) бөлумен қатар іске асырылатын мемлекеттік қолдаудың қосымша тетігі.
«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналарға банкте депозит ашу немесе мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) қатысушылары болып табылатын өмірді сақтандыру компанияларында (ӨСК) шарт жасасу қажет. Бала 5 жасқа толған кезде мемлекет бастапқы білім беру капиталын 60 АЕК (2025 жылы бұл 235 920 теңге), ал жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мөлшерінде есептейді, сондай-ақ жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы, сондай-ақ банктің сыйақысы немесе ӨСК инвестициялық кірісі төленетін болады.
«Келешек» жүйесінің шарты ата-аналардың кемінде 12 немесе 24 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы міндетті ең төменгі жарнасы болып табылады. Жетім балалар үшін жыл сайынғы жарналар талап етілмейді.
Шоттар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен, ал сақтандыру төлемдерінің сомасы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен сақтандырылатын болады. Бұл ретте депозиттерге тыйым салу немесе басқа да шектеулер қойылмайды.
Егер сіз мемлекеттік грантқа ие болсаңыз, қаражатты жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға жұмсауға болады. Сонымен қатар, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болады. Сондай-ақ, білім туралы құжатты ұсынған жағдайда салымшы барлық жинақталған қаражатты қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен, мемлекеттен есептелген бонустармен және бастапқы білім беру капиталымен ала алады.