Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады

13 Желтоқсан 2024 4

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін түзетулерді мақұлдады. «Келешек» жүйесі шеңберінде: 

 ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (221 520 теңге); 

 жетім балалар үшін 120 АЕК (443 040 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;  

жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.

«Келешек» шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып табылатын сақтандыру компанияларында ашуға болады. Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.

Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты:  

колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.  

Грант алған жағдайда: 

 басқа білім алу қажеттіліктеріне аударуға;

 жинақтауды жалғастыруға;

 үшінші тұлғаға аударуға;

 тұрғын үй алуға пайдалануға;

 білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.

← Все новости

Актуальные новости