Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

ЕҰУ-ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫ ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Желтоқсан 2024 4

 Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекеттік грант бойынша білім алатын жас мамандар мен философия докторларын (PhD) еңбекпен міндетті өтеу туралы ережені түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Іс-шара спикері «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаментінің жетекші маманы Ақзира Серікқали мемлекеттік грант бойынша оқуды аяқтайтын түлектер үшін көзделген жұмыс істеу шарттары, мерзімдері мен ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Студенттер елдің әртүрлі аймақтарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, бөлу механизмдері, сондай-ақ жас мамандардың мемлекет алдындағы міндеттемелерін қалай орындай алатындығы туралы білді. Іс-шараны университеттің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы ұйымдастырды. Сондай-ақ шараға “Жастар практикасы” бағдарламасының өкілі қатысты.

Кездесу докторанттар (PhD), магистранттар, бакалавриат білім алушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды, олардың көпшілігі болашақ кәсіби қызметіне байланысты қызықты сұрақтарға жауап алды.

← Все новости

Актуальные новости