2025 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ МІНДЕТТІ ГРАНТТЫ ЕҢБЕКПЕН ӨТЕУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЕЛОРДАДА ӨЗ БАСТАУЫН АЛДЫ
Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Қаржы орталығы» АҚ аға маманы Ақзира Серікқалиқызының қатысуымен бітіруші курс студенттеріне арналған «Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі грантты еңбекпен өтеу шарттары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Роза Абишева, мансап, практика және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері және декандар, сондай-ақ бакалавриат, магистратура және доктарантура бітіруші курс студенттері қатысты.
Жиын барысында Ақзира Серікқалиқызы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы болашақ түлектерге Заңнамада көрсетілген міндетті өтейтін азамат санаттары, оларға қойылатын шарттар, жұмыспен өтеу мерзімі жайында баяндады.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс негізінде ауыл квотасы шегінде оқитын «ветеринария» және «ауылшаруашылық» мамандықтары ауылдық елді мекенде үш жылдық және мөлшерлес еңбек өтеу шартын ауылдық елді мекенде орналасқан мекемелерде өтейтініне аса мән берді.
- «Білім туралы» Заңға сәйкес оқу бітіруші жас маман бірінші қыркүйек 2025 жылдан кешіктірілмей жұмыс орнына келеді және міндет орындалмаған жағдайда Қаржы орталығы сотқа дейінгі реттеу жұмыстарын жүргізеді, - деп атап өтті Ақзира Серікқалиқызы.
Сондай-ақ, мемлекеттік грантты жұмыспен өтеуде Орталық жаңа цифрлық форматқа ауысуына байланысты 2023 жылдан бастап түлектерге EGOV порталына жолданатын PUSH-хабарламалар, Мобильдік азаматтар базасы сервисі арқылы байланыс номерлерді тексеру және зейнетақы аударымдарын тексеру мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарламалар белгіленген күні жолданатының хабарлады.
Түлектер мемлекеттік грант талаптарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына маманнан жауап ала алды. Осындай кездесулер еліміздің барлық ЖОО-да жалғасын табатын болады.