Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

1414-ТЕН SMS-ХАБАРЛАМА

30 Шілде 2024 4

2024 ж. 27 шілдеден бастап сағат 09-00-ден 21-00-ге дейін мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алған барлық түлектерге (2012-2024 жж. түлектерге), «Электрондық үкімет» порталының1414 бірыңғай байланыс орталығынан дербес деректерді (жұмыс берушінің БСН, жұмысқа орналасу мерзімі) алу туралы сұрау салу SМS-хабарламасы жіберілуде.

Сұрауға жауап ретінде SMS хабарламаны алушы тұлға дербес деректерді ұсынуға 511 (келісім) немесе 512 (бас тарту) мәтіні бар SMS жіберуі тиіс.

511 - (келісім). Студент немесе түлек келісім берілген жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды ұсынудан босатылады.

512 - (бас тарту). Студент немесе түлек келісім бермеген жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды алты ай сайын үш жыл бойы ұсыну қажет. Әр 15 күн сайын SMS қайта түсетін болады

Әр алты ай сайын жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды ұсынбау үшін «511» (келісім) деп жауап беруді ұсынамыз.

БҰЛ SMS ХАБАРЛАМА КЕЛІП ТҮСКЕН СӘТТЕН БАСТАП 15 МИНУТ ІШІНДЕ ЖАУАП БЕРУ ҚАЖЕТ

 SMS ЖСН бойынша жіберіледі және кейін Egov базасында тіркелген нөмірге түседі.

#финансовыйцентрастана #SMS #рассылка #грант #выпускники #студенты

← Все новости

Актуальные новости