ВАУЧЕРДІ БЕРУ ТУРАЛЫ 1414-ТЕН SMS ХАБАРЛАМа
Құрметті ата-аналар! 2024 жылы Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру басталды. Ваучерлік қаржыландыру – бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бөлінетін қаражаттың тікелей балаға берілуі.
Қазіргі уақытта Сіз 1414 нөмірінен хабарлама алдыңыз. Бұл хабарлама балаңыздың ваучерлік негізде балабақшаға баратындығына байланысты жіберіліп отыр.
Осы хабарламаның мақсаты:
1) Ваучер ұсынылғаны туралы Сізге хабарлау;
2) Егер сіздің балаңыз хабарламада көрсетілген балабақшаға бармаса, Сізден растау алу;
3) қызмет көрсету фактісі болмаған жағдайда балабақшаларды заңсыз байытуға жол бермеу.
Егер балаңыз балабақшаға бармаса, хабарламада көрсетілген нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз. Назар аударыңыз, берілген ваучер сізді ата-аналық төлемнен, соның ішінде балабақшамен жасалған шартта көрсетілген тамақтану төлемінен босатпайды.
Бұл хабарламаға жауап беруге барынша жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз, себебі Сіз бюджет қаражатын жұмсау процесінің белсенді қатысушысысыз.
Құрметпен, «Қаржы орталығы» АҚ