Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЛАРЫ (PHD) ГРАНТТЫ ЖҰМЫСПЕН ӨТЕЙ АЛАТЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ САНЫ КЕҢЕЙДІ

29 Наурыз 2024 3

Егер бұрын грантты өтеу тек жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда ғана мүмкін болса, қазір олардың тізімі айтарлықтай кеңейді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 26.02.2024 жылғы № 85 бұйрығының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік органдарда, ЖОО-да, ғылыми ұйымдарда, ғылыми бөлімшелерде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (жоғары колледждерде немесе училищелерде) оқу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.

 Бұл норма 2024 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.

← Все новости

Актуальные новости