Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде грантты міндетті өтеу мәселелері бойынша кездесу өтті

24 Қазан 2024 4

Ағымдағы жылдың 21 қазанда мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушыларды бөлу, жұмысқа орналастыру және азаматтардың мiндеттi еңбек етуi мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ өкілі "М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ студенттерімен кездесу өткізілді. Ақпараттық-түсіндіру кездесуге 800-ге жуық адам қатысты, олар бакалавриат, магистратура, резидентура және докторантураның бітіру курстарының студенттері.
Мониторинг департаментінің жетекші маманы Ақзира Серікқали студенттерге грантты міндетті жұмыспен өтеу қажеттігі туралы айтып, педагогикалықжәне медициналық мамандықтардың түлектері, сондай-ақ ауылдық квота бойынша оқитын студенттер үш жылжұмыс істеуге тиіс екендігіне назар аударды.

Ал «Серпін» бағдарламасы міндетті екі жылдық жұмыспен өтеуді көздейді. Осы бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналасуға арналған облыстарға Ақмола, Қарағанды, Абай, Ұлытау, Қостанай, Павлодар, СҚО және ШҚО кіреді. Жұмыс істеу мерзімі еңбек шарты жасалған күннен бастап есептеледі.
Сондай-ақ, студенттерге «eGov» порталы арқылы жұмыс туралы ақпарат берілді, ол арқылы түлектергехабарламалар жіберіліп, түлектердің жұмысқа орналасу орындары есепке алынды.

Сонымен қатар, грантты өтеуден босату мүмкін болатын шарттардың тізімі бар. Олардың ішінде жүктілік және үш жасқа дейінгі балалардың болуы, I немесе II топтағы мүгедектік, грант негізінде магистратураға, резидентураға немесе докторантураға түсу.
Бітіруші курстардың білім алушылары «Қаржы орталығы» АҚ өкілінен мемлекеттік гранттарды міндетті жұмыспен өтеу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Студенттер көтерген негізгі мәселелер ауылдық квота бойынша басқа ұйымдарда жұмысқа орналасу, 1414-тен сұраныс белгісін жіберу, ақылы оқудан грантқа ауысу кезінде пропорционалды жұмыс мерзімі және магистратураға түсу жағдайында босатуға байланысты болды.

← Все новости

Актуальные новости