Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

Мемлекеттік білім беру кредитін беру бойынша сараланған грант иегеріне жадынама

28 Тамыз 2024 4

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің м.а. 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 141 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру кредитін беру

және орналастыру қағидаларына сәйкес

 

«Қаржы орталығы» АҚ сайтында мемлекеттік білім беру кредитін беруге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру орналастырылғаннан кейін сараланған грант иегерлері «Қаржы орталығы» АҚ сайты арқылы өтініш бере алады

Мемлекеттік білім беру кредиті тек сараланған грант иелеріне беріледі.

Кредит пайызсыз, теңгемен, 10 жыл мерзімге беріледі және өтеу кредит берілген айдан кейінгі айдан басталады.

 

Ерекшелік: Кредит келесі үміткерлерге оқу аяқталғаннан кейін 15 жылға және өтеу мерзімі + 6 айға кейінге қалдырыла отырып беріледі:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан балалар, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балалар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);

3) мүгедек балалар;

4) аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.

Кредит келесі өлшемшарттарға сәйкес келетін үміткерлерге беріледі:

1) сараланған грант иегерлеріне;

2) кемінде бір кепілгер (тұрақты табыс көзі бар Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетті азаматы) болуға тиіс. Бұл өлшемшарт жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын қарыз алушыларға қолданылмайды;

3) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе «Отбасы банкі» АҚ пилоттық жобаның қатысушылары болып айқындалған) білім беру салымы («Aqyl» депозиті) болуға тиіс, сараланған грант пен мемлекеттік білім беру кредитінің қаражаты                     ЖЖОКБҰ-ға «Aqyl» депозиті арқылы жіберілетін болады.

Мемлекеттік білім беру кредитін беруге қатысу үшін үміткер өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы ақпаратты орналастырғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей                        «Қаржы орталығы» АҚ электрондық платформасында жеке кабинет ашады және электрондық форматта мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ЭЦҚ-мен қол қойылатын электрондық өтініш береді:

1)      үміткердің жеке басын куәландыратын құжат;

2)     үміткер мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт;

3)      Үміткердің  келісімі:

- «Қаржы орталығы» АҚ үміткердің дербес деректерін жинау және өңдеу;

- «Қаржы орталығы» АҚ кредиттік бюроларға үміткер туралы мәліметтерді ұсынуы;

- «Қаржы орталығы» АҚ-на үміткер туралы кредиттік есепті кредиттік бюролар беруге;

4)    мемлекеттік білім беруді кредиттеу шеңберінде заңды өкілдердің өтініш беруге, үміткердің кредиттік шартқа және (немесе) онымен байланысты шарттарға қол қоюына нотариат куәландырған келісімі (кәмелетке толмаған үміткерлер үшін нысан қоса беріледі);

5)    кепілгердің жеке басын куәландыратын құжат (үміткерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатқызу кезінде талап етілмейді);

6)    кепілгердің(-лердің) келісімі (үміткерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатқызу кезінде талап етілмейді):

- «Қаржы орталығы» АҚ кепіл берушінің дербес деректерін жинау және өңдеу;

- «Қаржы орталығв» АҚ кредиттік бюроларға кепілгер (лер) туралы мәліметтерді ұсыну;

- «Қаржы орталығы» АҚ кредиттік бюроларға кепілгер (лер)туралы кредиттік есепті беруге;

7)   жұмыс берушінің атауы мен деректемелерін және кепілгер (лер) лауазымын көрсете отырып, кепілгердің(-лердің) жұмыс орнынан анықтама (үміткерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатқызу кезінде талап етілмейді);

8)       Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда (үміткерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатқызу кезінде талап етілмейді) соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама немесе кепілгердің (кепілгерлердің) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме;

9)                    негізгі және қосымша (бар болса) табыс көздері туралы ақпарат (үміткерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатқызу кезінде талап етілмейді).

 

Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Өтініш құжаттармен тексеріліп, кредит берілгеннен кейін «Қаржы орталығы» АҚ 5 жұмыс күні ішінде үміткерге өтініште көрсетілген абоненттік нөмірге және (немесе) электрондық поштаға хабарлама жібереді.

 

Электрондық платформада кредитке өтініш мақұлданғаннан кейін мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

1)   қосымша ЭЦҚ пайдалана отырып, «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілгердің дербес деректерін жинауға және өңдеуге, «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілгер (лер) туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынуына және «Қаржы орталығы» АҚ-ның кредиттік бюроларына кепілгер (лер) туралы кредиттік есепті беруге кепілгердің келісіміне қол қойылады;

2)   үміткер мен «Қаржы орталығы» АҚ арасында кредиттік шарт және онымен байланысты шарттар жасалады.

ТӨМЕНДЕГІ СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ЗАҢДЫ ӨКІЛДІҢ КЕЛІСІМІНІҢ ҮЛГІСІ КӨРСЕТІЛГЕН

https://docs.google.com/document/d/17s9ClqBvVDT5myTAZLHUbozlVcqne3wl/edit?usp=sharing&ouid=100244038681594233402&rtpof=true&sd=true 

 

← Все новости

Актуальные новости