Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Алматыда ҚазҰМУ студенттері үшін жаңа жатақхана ашылды
ҚР Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылды.
Алматының географиялық орталығында Радостовец көшесі, 74 мекен-жайында орналасқан студенттер үйі 6 қабаттан тұрады және 420 орынға есептелген. Жаңа жатақхананы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «LV және КО» ЖШС жеке инвесторы енгізді.
Заманауи ғимаратта студенттердің жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалған. Университет әзірлеген тұжырымдамаға сәйкес өмір сүру шарттары жаһандық заманауи стандарттарға сәйкес келеді: әр секцияға 2-5 адамға арналған дәретхана мен душ, әр студент үшін жеке оқу үстелі және төсек орын, шкаф қарастырылған. Әр қабатта заманауи ас бөлмесі, коворкингтер, барлық қажетті жабдықтары мен спорттық жабдықтары бар тұрмыстық кабинеттер, сондай-ақ жайлы оқу бөлмелері бар. Бірінші қабатта кір жуатын бөлме, кітапхана, техникалық кабинет орналасқан. Ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін арнайы бөлме жабдықталған.