Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

АСТАНАДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ, БИЗНЕС ЖӘНЕ БІЛІМ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА

23 Тамыз 2024 4

Студенттердің жағдайын жақсарту мақсатында 2022 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында Астанада Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Міне, жатақхана үшінші оқу жыл өз студенттерін қабылдап, жайлы тұруға барлық жағдайды жасап келеді.

Студенттік үйдің жобалық қуаты 104 орын. Жатақхана Жеңіс көшесі, 68а мекен-жайында, колледж аумағында орналасқан.

Жатақханада студенттердің тұруына барлық жағдай жасалған. Жарық бөлмелер, душ және жуынатын бөлмелер, сонымен қатар кір жуғыш және кептіргіштермен жабдықталған қосалқы бөлмелер колледж студенттерін қуантады. Ас бөлмелері электр плиталарымен, тоңазытқыштармен және қажетті тұрмыстық заттармен толықтай жабдықталған. Сонымен қатар, студенттерге арналған ғимаратта спорт зал мен медициналық пункт бар.

Жатақханада өткізу режимі сақталады. Студенттік үйде тұру ережелерін сақтау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Дәліздерде, баспалдақ алаңдарында, көшеде заманауи бейнебақылау жүйесі бар. Студенттердің мүлкін сақтау мақсатында сақтау бөлмесі қарастырылған. Студенттерді жатақханаға орналастыру тамыз айында жоспарлануда.

← Все новости

Актуальные новости