Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАТАҚХАНА АШЫЛДЫ

7 Тамыз 2024 4

Ағымдағы оқу жылында Түркістан қаласында 200 орындық жаңа жайлы жатақхана пайдалануға беріледі.

Студенттік үй Түркістан қаласы, Майшай Әбенов көшесі, 52Б мекенжайында орналасқан. жатақхана үш қабаттан тұрады, әр қабатта ас үй, демалыс бөлмелері, жуынатын бөлме, кір жуатын бөлме бар. Студенттерге ыңғайлы болу үшін бірінші қабатта дүкен мен асхана бар. Студенттер үйі аумағында тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, бүгінгі күні жатақхана қажетті жиһазбен және техникамен толық жабдықталған және студенттерді қоныстандыруға дайын.

Бұл нысан «Students home» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен іске асырылды. Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында студенттер үшін оқу кезінде жайлы тұру үшін барлық жағдайлар жасалуда. «Students home» жатақханасына тіркелу тамыз айының ортасында басталады.

← Все новости

Актуальные новости