Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

ҒЖБМ АППАРАТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

1 Тамыз 2024 4

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет Сәтбаев университетіне келді. Сапар мақсаты университет жатақханаларының инфрақұрылымымен танысу және жаңа оқу жылына дайындығын бағалау болды.

Аппарат басшысы университет жатақханаларын аралап, ондағы жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасын бағалады, сондай-ақ «Jasyl El» жобасы аясында жөндеу жұмыстарына қатысып жүрген университет студенттерімен кездесті.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Мадияр Қожахмет студенттік жатақханаларды жаңа оқу жылына дайындауға арналған Алматы қаласы ЖОО басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Кеңеске сондай-ақ Алматы қаласындағы «Қаржы орталығы» АҚ және студенттік жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсенің өкілдері қатысты.

Жобалық кеңсе өкілдері өз кезегінде салынып жатқан объектілер бойынша жағдай және қаладағы төсек-орын тапшылығын қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Жиналыстан кейін аппарат басшысы «Қаржы орталығы» АҚ және жобалық кеңсе өкілдерімен бірлесіп жеке инвестициялар есебінен салынып жатқан объектілерге барды.

Нысандардың бірі 2025 жылдың басында пайдалануға беруді жоспарлап отырған Коперник көш., 84 мекенжайындағы «UV GROUP» ЖШС компаниясының құрылыс алаңы болды. Тұрғын ауданы 16 800 шаршы метр және жобалық қуаты 2 700 төсек-орынға дейінгі жаңа жатақхана халықаралық стандарт бойынша салынады, мұнда студенттердің тұруы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалады.

Кездесу соңында Мадияр Қожахмет студенттердің оқуы мен өмір сүруіне лайықты жағдай жасау жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.

#Қазақстанстуденттері 
#Жатақханақұрылысы 
#Білімберужаңалықтары

← Все новости

Актуальные новости