Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

Студенттік жатақханаларды салу туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлеріне хабарландыру.

6 Маусым 2024 4

Құрметті Шымкент қаласының кәсіпкерлері!

Сіздерді белсенділіктеріңіз бен білім беру инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Қазіргі уақытта қалада студенттік жатақханалар санының елеулі өсіміне байланысты жастардың сапалы тұрғын үйге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Бұл жетістік жас ұрпақтың оқу және дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Ағымдағы жағдайға байланысты біз сіздерге Шымкент қаласындағы студенттік жатақханаларды салу және реконструкциялау бойынша келісімшарттар жасасуға арналған өтініштердің қабылданбайтынын хабарлаймыз.

Дегенмен, біз сіздерден қажеттілік байқалып отырған аймақтардағы жатақханаларды салу және реконструкциялау қаражаттарыңыз бен ресурстарыңызды бағыттауды сұраймыз. Бұл әсіресе келесі қалаларға қатысты:
* Астана қаласы,
* Алматы қаласы,
* Түркістан облысы.
Сіздердің үлесіңіз тек студенттердің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар білім беру деңгейін көтеруге және бұл өз кезегінде еліміздің болашағына оң әсерін тигізуге ықпал етеді.

Мемлекеттік тапсырысқа қатысу туралы толығырақ ақпарат алу үшін:
Телефон: 8 800 080 2828
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 18; 
Алматы қаласы, А. Байтұрсынов көшесі 22/1

«Қаржы орталығы» АҚ

← Все новости

Актуальные новости