ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «AUZHAN KTL» КӨПТІЛДІ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ АШЫЛДЫ
Жаңа оқу жылында Шымкент қаласында «Auzhan KTL» мектебі («Zangar Bilim»ЖШС) ашылды. Мектептің негізгі бағыты – жаратылыстану-математика және гуманитарлық бағыттар бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту.
Оқу орнының жобалық қуаты 0-11 сынып оқушылары үшін 1200 орынды құрайды, мектепте балалар үшін 60 оқу аудиториясы мен зертхана қарастырылған. Мектеп заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кең спорт залы, футбол алаңы, амфитеатр, бокс және гимнастика залдары бар, сонымен қатар 6 мыңға жуық кітап жиналған кітапхана бар.
Заманауи үлгідегі оқу орнының құрылысы бір жыл бұрын мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру шеңберінде басталды. Нысан инвестор-компанияның өз қаражаты есебінен тұрғызылған. Бүгінгі таңда 2024-2025 оқу жылына орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім беру ұйымы жан басына шаққандағы қаржыландыруды алады.