2024 жылғы түлектерге 1 қыркүйектен кешіктірмей білім беру грантын жұмыспен өтеуді бастау қажеттілігін ескереміз.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін 2024 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей мамандық бойынша білім беру грантын жұмыспен өтеуді бастау қажет. Сондай-ақ, жұмысқа орналасқаннан кейін жұмыс орнынан анықтаманы сіздің ЖОО-ға жетекшілік ететін «Қаржы орталығы» АҚ маманының электрондық мекенжайына жіберу қажет.
Біздің парақшамызда мемлекеттік гранттарды жұмыспен өтеу мәселелері бойынша мамандардың байланыс нөмірлері, электрондық мекенжайлары және WhatsApp нөмірлері жарияланған. Қаржы орталығының маманына жаза отырып, Сіз өзіңіздің жұмыс орныңыздың мамандық бойынша сәйкестігін анықтай аласыз, сонымен қатар есеп беру үшін жұмыс орнынан анықтама жіберу үшін жетекшілік ететін маманның электрондық поштасын біле аласыз.
Call-орталық: 8 8000 802 828